Президент бұл туралы Ақордада Республика күніне орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек - Мемлекет басшысы
697
оқылды

Мемлекет басшысы Республика күнінде патриоттық, қайырымдылық және волонтерлік іс-шараларды көптеп ұйымдастыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ ол айтулы мереке халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек деп атап өтті.

 Бүгінде біздің мемлекеттілігіміз қарқынды дамыған егемен республиканың өркениетті әрі құқықтық сипатына ие болды. Қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, жан-жақты нығайту – бәріміздің ортақ міндетіміз, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы перзенттік парызымыз. Біз Республика күнінің мән-маңызын, оның мықты мемлекет және көзі ашық, көкірегі ояу ұлт қалыптастыруға бағытталған ауқымды өзгерістердің символы ретіндегі терең мағынасын жастарға түсіндіруіміз керек. Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек.

Егемендік күні ұлтты ұйыстыратын нағыз елдіктің мейрамына айналуға тиіс. Яғни, осы қастерлі мерекеде Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті дәріптеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ іс. Сондықтан бәріміз бір ел болып атсалысайық!, деді Президент.