Динара Куджулова парадзюдодан J1 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына үш медаль түсті
1,850
оқылды

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошылар Динара Куджулова мен Бауыржан Арыстанбеков қола жүлдеге ие болды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Динара Куджулова парадзюдодан J1 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Динара қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Мухаррамкон Абдулсаматованы 11:0 есебімен тізе бүктірді.

парадзюдо
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бауыржан J1 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақта индонезиялық Фаджар Памбудиден басым түсіп, тағы бір қоланы қоржынға салды. 

Сонымен қатар отандасымыз Даяна Федосова J2 санаты бойынша 57 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Ақмарал Науатбектің Азиада чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына тағы бір алтынды салды.