Парадзюдодан әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы J2 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта қарсылас шыдатқан жоқ.
Парадзюдошы Олжас Оразалыұлы Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды
1,339
оқылды

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында қазақстандықтар тағы бір алтын және күміс жүлдеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Парадзюдодан әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы J2 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта қарсылас шыдатқан жоқ.

Қазақстандық парадзюдошы финалдық бәсекеде Токио паралимпиадасының жеңімпазы, өзбекстандық Феруз Сайидовтан (Өзбекстан) айласын асырды.

Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті. 

азиада
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Сондай-ақ паратаэквондошы, 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Камила Досмалова K44 санаты бойынша 57 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде ирандық Роза Эбрахимиге ғана жол беріп, күмісті қанағат тұтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Ақмарал Науатбек  Азиада чемпионы атанды.

Сондай-ақ Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына тағы бір алтынды салды.

Бүгін Азия параойындарында Қазақстан тағы үш медаль жеңіп алды.