25 қазанда олардың Қазақстанда өз жұмысын тоқтататыны туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Ертең мобильді такси шақыру қызметі жұмыс істей ме?
1,778
оқылды

Қазақстандықтар WhatsApp-та таратқан ақпаратқа сәйкес, 25 қазанда ел аумағында Kaspi.kz қосымшасы, сондай-ақ мобильді такси шақыру қызметтері жұмыс істемейді. Бұл – жалған, – деп жазды Aikyn.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

– Бұл – жалған. Kaspi.kz өнімдері мен қызметтері штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жұмыс істейді. WhatsApp, Telegram, басқа мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат – фейк. Сенімсіз дереккөздерден алынған қауесеттерге сенбеңіздер! Барлық маңызды ақпарат Kaspi.kz әлеуметтік желілерде өзінің ресми парақшаларында жариялайды, – деп хабарлады компания.

Ірі онлайн-такси шақыру сервистеріне келетін болсақ, 2023 жылғы 25 қазанда олардың Қазақстанда өз жұмысын тоқтататыны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Мұндай хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында да, осы қызметтердің ресми парақшаларында да шыққан жоқ.

Демек, таралған хабарлама фейк