Республика аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Жауын-шашын, жел, тұман: 25 қазанға арналған ауа райы болжамы
1,182
оқылды

"Қазгидромет" 25 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы cақталады.

Бірнеше өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Түнде Жетісу облысының орталығында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында үш градусқа дейін, Алматы облысының солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.