Клуб ай сайын 300-ден астам баланы қабылдай алады.
Астаналық балалар үйірмелерге тегін қатыса алады
1,478
оқылды

Астанадағы аула клубына 300-ден астам бала, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар тегін қатыса алады. Республика күнііне орай елордада «Түрлі – тең» инклюзивті аула клубы ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Клубтың ашылу салтанатына Есіл ауданы әкімі Асылбек Есенбаев, Respublica партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары Игорь Копайлов, сондай-ақ, ерекше күтімді қажет ететін балалар және олардың ата-аналары мен ата-әжелері қатысты.

Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін клуб дойбы және шахмат үйірмелерін ұсынады.

Енді физиотерапия кабинетін ашу, йога және дартс сабақтарын өткізу, бейнелеу өнері, домбыра тарту және робототехника үйірмелерін ашуды жоспарлап отыр. 

«Балалар – әрбір мемлекеттің болашағы, біз бүгін Республика күні қарсаңында Есіл ауданында төртінші аула клубын ашып отырмыз. Аула клубтары – балаларды тарту, қарым-қатынас және дамыту орталықтары. Біз ерекше білім беруді қажет ететін балаларға үлкен көңіл бөлеміз және мұндай бастамаларды әрдайым қолдаймыз», – деді Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.