Әлеуметтік желілерде 11 жастағы бала, тамаққа қақалып қайтыс болғаны туралы айтылған хабарлама тарады.
Өскеменде 11 жастағы бала кенеттен қайтыс болды
1,110
оқылды

Өскеменде 11 жастағы бала қайтыс болды. Расталмаған ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған бала тамаққа қақалып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға жайлы 23 қазанда белгілі болды. Әлеуметтік желілерде 11 жастағы бала, тамаққа қақалып қайтыс болғаны туралы айтылған хабарлама тарады.

"Кеше күндізгі сағат екіде бір бала жүзімге қақалып қайтыс болды. Ертең жерлеу рәсімі өтеді. Бала небәрі 11 жаста", – делінген жазбада.

Кенеттен баласы қайтыс болған отбасыға көмек көрсету үшін еріктілер қайырымдылық акциясын ашқан.

Денсаулық сақтау басқармасы кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын растады.

"Облыс орталығында 11 жастағы баланың қайтыс болғаны рас. Алайда, өлімнің себебі әлі белгісіз, мұны сот-медициналық сараптама көрсетеді", – деп түсіндірді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Фото: Halyq Uni