Мемлекеттік басқару академиясының төрт магистрлік білім беру бағдарламасы EAPAA-ның халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті.
Мемлекеттік басқару академиясының 4 бағдарламасы халықаралық аккредитациядан өтті
539
оқылды

Қазақстан  Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының төрт магистрлік білім беру бағдарламасы EAPAA-ның халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті. Бұл туралы Академияың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Аккредиттеуден өткен білім бағдарламалары:
– «Мемлекеттік басқару» (Public Administration);

– «Экономика» (Economics);

«Мемлекеттік саясат» (Public Policy);

«Халықаралық қатынастар» (International Relations).

EAPAA (European Association for Public Administration Accreditation) аккредитациясы – мемлекеттік басқару саласындағы оқыту бағдарламаларына арналған әлемдегі ең беделді аккредиттеу қауымдастықтарының бірі.

Ректор Ерлан Әбілдің айтуынша, EAPAA-ның Академия білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде тануы Академияға аккредиттелген жоғары оқу орындарымен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу мақсатында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

«Білім бағдарламаларын іске асыратын Академия сапаны қамтамасыз етудің барлық стандарты бойынша өзін-өзі бағалау туралы есептерді дайындап, оларды растайтын қосымшаларымен бірге техникалық сараптамаға жіберді. 2022 жылғы 20-24 қараша аралығында сараптамалық топ аудит жүргізді. Топтың аудит жүргізу бағдарламасына сәйкес, Академияның басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен сұхбат жүргізілді. Аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы да тексерістен өтті. Ақпаратты толық растау үшін аккредиттелетін білім беру бағдарламалары (жалпы негізгі курстар) бойынша оқитын білім алушылармен және профессор-оқытушылар құрамымен сұхбат жүргізілді», – деді Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.

Академияның тәуелсіз халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтудегі басты мақсаты – іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының сапа деңгейін растау, профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігін бағалау, ESG халықаралық стандарттарына сай болу және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін растау.