Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел күтіледі.
Жауын-шашын, көктайғақ: 27 қазанға арналған ауа райы болжамы
3,188
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 27 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Соның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда – көктайғақ, шығыста жаяу бұрқасын байқалады.

Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел күтіледі», – делінген ресми ақпаратта.