Қытайдың бұрынғы премьер-министрі Ли Кэцян 68 жасында өмірден өтті.
Қытайдың экс-премьер-министрі Ли Кэцян қайтыс болды
846
оқылды

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары бұрынғы премьер-министр Ли Кэцянның қайтыс болғанын хабарлады, – деп жазды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

68 жастағы Ли Кэцян биылғы жылдың басына дейін Си Цзиньпиннің үкімет кабинетінде қызмет етті.

Қытай мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, 68 жастағы Ли Кэцян бейсенбі күні түн ортасында жүрек талмасына ұшырап, «оны құтқару әрекеттерінің бәрі сәтсіз аяқталды». Ол сол кезде Шанхайда болған.

Ли Кэцян 2013 жылы премьер-министр болды және бір кездері Қытай Коммунистік партиясының ықтимал көшбасшысы саналған. Бірақ содан кейін Си Цзиньпин жоғарғы басшы болды. Ли Кэцян осы жылдың басында зейнеткерлікке шыққанға дейін премьер-министр қызметін атқарды.

Премьер-министр ретінде Ли Кэцян мемлекеттік бюрократияны реформалауды және жеке экономикаға араласуды азайтуды жақтады.

Қытайлық желі қолданушылары Weibo сайтына Ли Кэцянның өлімі туралы хабарды ауыр қабылдағанын жазып жатыр.

«Күтпеген хабар болды. Шын жүректен көңіл айтамыз», – деп жазды Global Times Коммунистік партия газетінің бұрынғы бас редакторы Ху Сижин.