Алайда, қазіргі нәтижелерге қарап, оның бүкіл республика аумағында таралатынын байқауға болады.
Павлодарлық депутаттар халықтың проблемасын шешудің жаңа жолын тапты
680
оқылды

Павлодарлық депутаттар шенеуніктерден жауап алу үшін саяси сарапшы болуы тиіс. Сондай-ақ біз депутаттық жауапкершілік саласын ретке келтіріп, әркімнің аумақтық міндетін анықтадық. Павлодар облыстық мәслихатын жаңғырту аясындағы осы және басқа да жаңашылдықтарды қала тұрғындарына облыстық мәслихаттың төрағасы Илья Теренченко таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Павлодар облыстық мәслихатының аппаратын жаңғырту қанатқақты жоба болып саналады. Алайда, қазіргі нәтижелерге қарап, оның бүкіл республика аумағында таралатынын байқауға болады. Мысалы, қостанайлық әріптестеріміз павлодарлықтардың сайлаушылардың парламенттік жұмыс туралы деректер базасын арттыру тәжірибесіне қызығушылық танытып үлгерді. Бұл туралы жобаның идеялық бастамашысы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Серік ҚҰСАЙЫНОВ толығырақ айтып берді.

– Сайлаушылардың өтініштерін талдау олардың көпшілігінің, әсіресе, сайлауға келмегендердің өз округіне қай депутат жауапты екенін білмейтінін көрсетті. Осының негізінде заманауи цифрлық платформада халық өкілдерінің аумақтық міндетін жүйелеу идеясы туындады. Таңдау 2GIS-ке де жүктелді, өйткені бұл қызмет, біріншіден, өте танымал, екіншіден, ол қосымша қай кезде де қолжетімді, тегін. Бюджет қаражатынан бір теңге де алмадық. Енді әрбір павлодарлық 2GIS жүйесі арқылы өзінің аумақтық округіне жетекшілік ететін депутаты туралы анықтамалық ақпаратты ала алады: байланыс телефондары, қабылдау күндері мен сағаттары, онда қабылдаулар өтетін мекенжайлар да көрсетілген. Бұл біздің мақсатымыздың орындалғанын аңғартады. Бірақ біз осымен тоқтап қалмай, қосымша опцияны іске қостық. Депутаттардың байланыс деректерін бассаңыз, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар тізімі шығады», – деді Серік Құсайынов.

Айтпақшы, павлодарлық депутаттарда мәслихатты жаңғырту аясында қосымша ақпараттық нұсқаларды кеңейту бойынша тағы да көптеген идеялар бар, бірақ оларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін сауатты ІТ мамандар қажет. Алматылық бағдарламашылар өздерінің кәсіби қызметтерін ұсынды. Тегін емес, әрине. Бәлкім, алдағы уақытта бұл мақсаттарға тиісті бюджеттік қаражат бөлінетін шығар деген ойымыз да жоқ емес.

«Мүмкін университет студенттері бізге стартаптар ұсына алатын шығар», Ц деді Серік Құсайынов.

Айта кетерлігі, бұл – Павлодар облыстық мәслихатының ауқымды жаңғырту бағдарламасының тармақтарының бірі ғана. Онда оқытуға ерекше назар аударылған. Павлодарлықтар депутаттардың білімі мен құзыретін арттыру үшін шын мәнінде бірегей оқу құралын жасады. Дәріс беруші ретінде барлық кафедралардың меңгерушілері тартылған: экономика және құрылыс, білім және денсаулық сақтау, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ, Астана мен Алматыдан белгілі бір салада білімімен танымал мамандар да шақырылды. Мұның неліктен маңызды екенін облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко айтты.

– Белгілі бір мемлекеттік органның депутаттық сауалға неліктен толық жауап бермегенін, тіпті мән-жайды ұзақ қарап жатқанын анықтай бастасақ, кейбір шенеуніктер: «Депутаттық сауалыңызды дұрыс тұжырымдыңыз ба?» деген қарсы сұрақ қояды. Біз мәселені одан да терең зерделей түсеміз, сол кезде мұнда қандай да бір кілтипанның барын байқаймыз. Мысалы, депутат өмір бойы құрылыс саласында жұмыс істесе, ол білім беру немесе денсаулық сақтау саласын қаузап кетеді. Демек, депутаттардың өздері де дерексіз сауалдарды жиі қояды, оларға жан-жақты жауап алу мүмкін емес. Менің міндетім – әріптестерімнің кез келген депутаттық сауалын оңай жасай алатындай сауаттылығы мен құзыреттілігін арттыру. Дұрыс тұжырымдалған сұрақ қай кезде де депутаттың өзін де, сайып келгенде, өтініш берушіні де қанағаттандыратын толық жауап алудың кепілі болып табылады», – деді Илья Теренченко.

Павлодарлықтар да тұрақты комиссиялардың жоспарлы жұмысына жаңаша қарап, дәл осы сәтте сайлаушыларды не толғандыратынына назар аудара бастады. Ал 2024 жылға жоспарланған барлық тұрақты депутаттық комиссиялар жойылды. Бұдан былай халық өкілдері өз сайлаушыларының өзекті мәселелері мен проблемаларын ғана алқалы жиында талқылайды. Ал белгілі бір мәселенің өзектілігін анықтау – халықпен жұмыс істеу үшін жаңадан құрылған сектордың міндеті. Дәл оның мамандары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу және азаматтардың өтініштерін талдау арқылы сайлаушылардың өзекті мәселелерін анықтайды.

«Біз көп жылдар бойы халықты, сайлаушыларды қызықтыра ма, жоқ па деп ойланбастан, соқпақпен жүріп келдік. Мәселен, қаланың коммуналдық мәселелерін талқылауды жоспарлап отырмыз, бірақ іс жүзінде коммуналдық мәселелердің санаулы ғана бар. Мен нық сеніммен айта аламын, соңғы 5-6 жылда Павлодарда коммуналдық мәселелер бұрынғыдай өткір күйінде емес, өйткені бұл жобаларға қазынадан қыруар қаражат бөлінуде. Ал қалада мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық оқиғалары жиілеп кетті. Біз неге соны талқыламаймыз? Яғни, енді депутаттық комиссиялардың жұмысы тек халықпен жұмыс секторының аналитикалық деректеріне негізделетін болады», – деп атап өтті Илья Теренченко.

Облыстық мәслихатты жаңғырту тәлімгерлік институтын құруды да қарастырады, бұл ретте депутаттар өз тәжірибесін саяси сауатты жастармен бөлісіп қана қоймай, оларды барлық тиісті жобаларда үнемі сүйемелдейді, ардагер-депутаттар клубының жұмысын жандандырады. Ал мұның барлығы бір ғана мақсатты – депутаттық корпусқа деген сенім деңгейін арттыруды көздейді. Павлодарлық реформаторлар облыстық мәслихатты жаңғыртудан дәл осыны күтеді.

Ирина ВОЛКОВА, Павлодар

Суретті түсірген Константин МУЗАЛЕВСКИЙ