Әзірге Көмір департаменті басшысының міндетін атқарушы болып Вадим Басин тағайындалды. Ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.
«АрселорМиттал Теміртауды» алатын меншік иелеріне қандай шарт қойылады?
1,052
оқылды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын алатын меншік иелеріне қойылатын негізгі талаптар туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазір Үкімет пен мемлекет қойып отырған алғашқы шарттар – әрине, Көмір және болат департаменттерінің өндірісіне инвестиция салу. Бұл – орындалуы керек бірінші шарт. Сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту керек. Оның ішінде, ең алдымен, әрине, қауіпсіздік күшейтілуі қажет. Жаңа меншік иесінің алдына осындай шарттар қойылады», – деді Қарағанды облысының әкімі.