Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Жауын-шашын, көктайғақ: 31 қазанға арналған ауа райы болжамы
876
оқылды

«Қазгидромет» 31 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен күн құбылып тұрады.

Елдің басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Түнде Қазақстанның орталығында (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста, таулы аудандарда (жаңбыр, қар), күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, солтүстік-батыста жел тұрып, жаяу бұрқасын соғады.