Алғашқы 40 кеншінің денесі бірден табылған.
Қаза тапқан кеншілердің толық тізімі қашан жарияланады?
634
оқылды

Үкіметтегі баспасөз брифингінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қаза тапқан кеншілердің толық тізімі қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлады Aikyn.kz.

«Қазір қаза тапқан 6 шахтер кім екенін анықтап жатырмыз. ДНҚ сараптамасын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін ғана тізімді жариялаймыз. Бұл жұмыс 3-4 күнді қажет етеді», деді ол.

Министрдің айтуынша, алғашқы 40 кеншінің денесі бірден табылған.

«Соңғы табылған кеншінің мәйіті бөлшектеніп кеткен. Сондықтан ДНҚ сараптамасы қажет», деді ол.

Айта кетейік, 28 қазан күні  Костенко  шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан еді.