Бортта темекі шегу өрт қауіпсіздігі нормаларына қайшы келеді.
Жыл басынан бері 500-ден аса жолаушы әуе рейсінен түсірілген
727
оқылды

Биыл кейінгі 10 ай ішінде Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 537 құқық бұзушыны актімен әуе рейстерінен түсірді. Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін  256, ұшақ бортында темекі шеккені үшін  179, ұсақ бұзақылық үшін  41 және басқалар.

Мәселен, «Ыстамбұл-Астана» бағытындағы әуе рейсінен құқық бұзушы акт бойынша түсіріліп, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

Тексеру барысында көлік полицейлері 31 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтады. Ол ұшақ дәретханасында электронды темекі шеккені белгілі болды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-2-бөлігімен, яғни, әуекемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК (172 500 теңге) айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, бортта темекі шегу өрт қауіпсіздігі нормаларына қайшы келеді. Ұшақта кез келген ұшқыннан тұтанып кететін тез өртенгіш материалдар көп. Сондай-ақ темекіден шыққан түтін жолаушылар мен ұшақ персоналына қолайсыздық тудырып, зиянын тигізеді.