Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде түркі елдерінің қауіпсіздік кеңесін өткізуді ұсынды.
Президент Астанада түркі мемлекеттері Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 3-отырысын өткізуді ұсынды
660
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде түркі елдерінің қауіпсіздік кеңесін өткізуді ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бесінші басымдық – сенім (Trust). Қазір аумалы-төкпелі заман болып тұр. Халықаралық ахуал да тұрақсыз. Осындай алмағайып кезеңде түркі жұртының бірлігін бекемдей түсу аса маңызды. Бұл – ортақ қауіпсіздігіміздің сенімді кепілі. Қару-жарақ және Есірткі саудасына, терроризм мен экстремизмге, көші-қонға қатысты сын-қатерлер көбейді. Мұндай қауіптердің алдын алу үшін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуымыз керек», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 3-ші отырысын өткізуді ұсынды.

«Осы орайда мен келер жылы Астанада мемлекеттеріміздің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 3-ші отырысын өткізуді ұсынамын. Түркі мемлекеттерінің қаржылық тергеу органдары арасында қылмыспен бірге күресу және ақпарат алмасу туралы келісім жасау маңызды», – деді ол.

Фото: Ақорда