Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Тұман мен жел: «Қазгидромет» 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады
5,797
оқылды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 6 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамынша, кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с болады.