100 000 шақырым. Бұл адам бойындағы қан тамырлардың ұзындығы. Жүрек-қан тамырлары аурулары дүниежүзіндегі өлім-жітімнің негізгі себептеріне жатады. Тамырлар жүрекпен бір топта жұмыс істейді. Қан тамырлары зақымданса бүкіл дене зардап шегеді.
Қан тамырындағы түйіншіктерді толық кетіретін дәрі табылды
1,626
оқылды

Статин препараттар қан тамырларындағы түйіншіктерді (холестериновые бляшка) бақылауда жақсы болғанымен оны жоя алмайды. Бірақ қытайлық зерттеушілер көптеген тағамдарда кездесетін жалпы қоректік заттарды пайдаланып қанайналым жүйесін тазартудың жолын тапқанға ұқсайды. Бұл туралы newatlas.com сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

Иллюстрация makeupkey.ru сайтынан алынды

Күнделікті пайдаланатын тағамдарда кездесетін азық-түліктерде кездесетін заттың қанайналым жүйесін тазартуда көмектесе алатынын Қытайдың бірнеше университетінің ғалымдарынан құралған топ дәлелдеген. Бұл қоректік зат атом нөмірі 25 металл элемент марганец болып шықты.

Марганец адам денсаулығы үшін маңызды, кофермент ретінде қызмет етеді, көмірсулар мен майлардың алмасуына көмектеседі, жүйке мен мидың дұрыс жұмыс істеуінде айтарлықтай рөл атқарады. Бұл элемент сонымен қатар жыныстық гормондардың, сүйектердің және т.б. қалыптасуына көмектеседі.

Көптеген адамдар марганецті өз рационынан жеткілікті мөлшерде алады, өйткені ол тұтас дәнді дақылдар, жаңғақтар, жапырақты көкөністер, ұлулар, қара бұрыш, кофе мен шай және т.б. тағам түрлерінде кездеседі. Дегенмен, марганецтің жетіспеушілігі бұлшықет әлсіздігіне, бедеулікке, сүйек ақауларына және тіпті құрысуларға әкелуі мүмкін.

Иллюстрация yaklass.ru сайтынан алынды

Қытай зерттеушілері адамдардың марганецке қажеттілігінің тағы бір себебін көрсетті.

Тышқандарға жасалған эксперимент жасай отырып, олар бұл элемент қан ағымындағы холестеринді түйіншіктердің пайда болуына себепкер липидтердің деңгейін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар қан тамырларының қабырғаларындағы түйіншіктердің өздерін де толық жоюға көмектесетінін анықтаған. Зертханалық жұмыстар сәтті аяқталса бұл жаңалық жүрек-қан тамырлары ауруларымен күреске үлкен серпіліс берер еді. 

Зерттеудің жетекші авторларының бірі Сяо Ван: «Марганец ең аз зерттелген маңызды элемент болып саналады, ол негізінен ферментативті реакцияларда көмекші рөл атқарады. Алайда, біз марганец ионының қанға липидтердің жеткізілуін бақылаудағы белсенді, сигналдық рөлін анықтадық».

Иллюстрация astra-cardio.ru сайтынан алынды

Ванг және оның әріптестері марганецтің липидтерді, соның ішінде холестерин мен триглицеридтерді қанға жеткізетін химиялық тасымалдаушы липопротеиндерге қажет кешенмен байланыса алатынын анықтаған.

Бұл кешен өте дәл химиялық тепе-теңдік болған жағдайда ғана жұмыс істей алады. Ал марганец болса осы тепе-теңдікті бұзады және соның нәтижесінде қандағы липидтер мөлшері төмендейді.

Ғалымдар өздері зерттеген тышқандарда тіпті марганецті ауызша қабылдаудың өзінде қандағы липидтердің концентрациясын күрт төмендегенін және кеміргіштердің қан тамырлары түйіншіктерден тазарғанын анықтаған.

Егер бұл әдіс адамдарда сыналып нәтиже расталса, онда қазіргі жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алумен қатар қан тамырларындағы түйіншіктерді тазартудың жаңа жолы да табылған болар еді. Зерттеудің жетекшісі Сяо-Вэй Чен: «Біз ең ауыр аурулардың алдын алуда да, емдеуде де марганецтің осындай күшті әлеуетіне шынымен таңғалдық», – дейді. 

Адамзат үшін қауіпті жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуда қытайлық ғалымдарға сәттілік тілейік. Қауіпті аурудың алдын алу, оны емдеу 2 миллионнан астам жүрек-қан тамырлары ауруы тіркелген Қазақстан үшін де маңызды болып тұр.