Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша 21 жастағы мобилографтың қайтыс болу себебі анықталды.
"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы неден қайтыс болғаны белгілі болды
1,401
оқылды

Астананың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде мерт болған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі анықталған. 

"Өлімнің алдын-ала себебі "жедел геморрагиялық панкреонекроз" токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды", – дейді басқарма өкілдері. 

Еске сала кетейік, "Ирина Кайратовна" тобының мобилографы 14 қазан күні Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Жас жігіт топ сахнаға шықпас бұрын көрермендердің көңілін көтеріп тұрған диджейді видеоға түсіріп жатқанда есінен танып құлап қалған.

Фото: massaget.kz