Жыл сайын күзгі уақытта газ тап­­шылығы болатыны қалып­ты жағ­­­дайға айналды. Әсіресе, биыл­ғы егін орағы нағыз қызған шақта сұ­йы­­­тылған көгілдір отынның же­­­­­­тіс­­­­пеушілігі қатты сезілді.
Ақмолада автогаз неге тапшы?
624
оқылды

Тұтас ай бо­йы тоқтамастан жауған жаңбыр­­дың салдарынан теріскейдегі ди­қан қауымының алтын астығын түгел­­­дей ылғал басып, элеватор­­­ларға әдеттегідей көлемде жеткі­зілген газ таусылып қалды. Әрине, кештетіп болса да газ көлемі жі­бе­рілген. Алайда сұйытылған газ­дың уақытында әкелінбеуінің салда­­ры­нан теріскейдің жүздеген диқан қауымы астығын уақытында кеп­тіре алмай, қызып кеткен мыңдаған тонна астығы далаға төкті. Тіпті, әлі де кептіре алмай қызған астықты қайда өткізерін білмей жатқан шаруа көп. Бұл орайда форс-ма­жорлы жағдайға дайын бол­мауы­мыздың басты себептерінің бірі – алғашқы кезекте газдың уақы­­­­­тында жеткізілмегенінде екені рас...

Үкімет пен тиісті министрлік «түйінді мә­селе тарқатылды, қажетті көгілдір отын кө­лемі өңірлерге жеткізілді» де­­генімен жер­гілікті аймақтарда газ тап­шылығы әлі де болса асқынып тұр. Эле­­ваторлар мен нан қабылдау бекеттеріндегі қарбалас өз ал­дына, енді кәдімгі жа­­нар­май құю бе­кет­терінде де газ құйып алу­дың өзі қып-қы­зыл майданға айнала бас­таған. Жа­нар­май­дың қымбатшы­­лығынан көліктеріне ав­тогаз балонын қойдырып алған жүр­гізу­шілер газ тап­шылығына қатысты наразылықтарын жиі білдіріп жүр. Тіпті, кей­бірінде кезек күтіп қалған жүргізуші­лер­дің өзара жанжалдасып, бір-біріне жұ­ды­рық ала жүгіргендері де кездесіп қала­ды.

Әсіресе, Ақмола облысында «Автогаз жетіс­пейді, қаланың барлық автогаз құю бе­кеттерінде газ жоқ» деп жүрген авто­кө­лік иелерінің қарасы көбейген. Бар болса бірыңғай талонмен, оның өзі ұзын­сонар кезекке айналған. Қаланы айнала жүріп газ таппаған жүргізушілер мәселені би­лік­ке тікесінен қойып, оны шешуді талап етуде. Желіге жарыса жазған авто­көлік иелерінің айтуынша, облыстың барлық аймағындағы газ құю бекеттерінде автогаз жоқ. Болған күннің өзінде талон­мен, яки ұзынсонар кезек күтіп зорға алуға мәжбүр болады. Тұр­ғындардың басым бөлігі «газ тапшы­лығы қолдан жасалған, кезекті мәрте бағаны көтерудің амалы...» деп са­найтын­­­дарын жасырмады. 

– Автогаз іздеп қаланы түгел кезіп сан­далып шықтым. Бір жарым айдан бері автогаз қасқалдақтың қанынан қат болып кет­ті. Бар болған күннің өзінде кезек кү­тіп 1,5-2 сағаттан астам уақыт кетеді. Ас­тық кептіру үшін элеваторларға жіберілсе, автокөліктерге бөлінетін газға неге қо­сымша қоры болмайды? Анти­­­моно­по­лия­лық қызмет пен прокуратура орган­дары ай қарап отыр ма? Бұл деге­ніңіз – нағыз бағаны жасанды түрде кө­терудің келісімді әрекеті ғой, – дейді Көк­шетау қаласының тұрғыны Әнуар Бахманов. 

Газ тапшылығын жергілікті газ тарату компаниялары да мойындады. Қаланың тұрғын үйлерінің басым бөлігіндегі газ­гольдерлерді газбен қамтитын бір­­неше автогаз жанармай бекеттері бар «Көк­ше­тау Транс Газ» компаниясының бас­шысы әзірге газ болғанымен көлем тау­сылуға таяу екенін жеткізді. 

– Иә, газ тапшылығы бар екені рас. Қа­ланың бірнеше автогаз бекеттерінде газ мүлдем жоқ. Бірінші кезекте бұл эле­ваторлар мен нан қабылдау бекетте­­­рін­де болған газға қажеттіліктің салда­­рынан болды деп ойлаймын. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызды салада газ болуға тиіс. Әзірге менің газ құю бекет­терімде газ бар. Бірақ алдағы күндерде таусылып қалатыны анық. Өйткені өт­кен айларда болған газ сатылымынан осы соңғы апта­ларда сатылған газдың көлемі бірнеше есе асып түсті, – дейді «Көкшетау Транс Газ» ком­паниясының директоры Батыр Әшіров. 

 Ал облыстың Энергетика және тұр­ғын үй және коммуналдық шаруашы­лық бас­қармасы түйінді мәселенің не­гізгі себебін ауыл шаруашы­лығы компа­нияларының газды аса көп мөлшерде сатып алуынан осындай тапшылықтың болғанын жет­кізді. Бас­қарма мәліме­тінше, еліміздің Энер­гетика министрлі­гі бекіткен сұйыл­тылған газ жеткізу жоспарына сәй­кес, қараша айына об­лысқа 8 604 тонна газ бөлінген. Оның ішін­де «Ақтөбе Мұнай-Газ» ком­пания­сынан 5 508 тонна және Атырау мұнай өңдеу зауытынан 3 096 тонна жет­кізілген. Өңірдің газ тұтыну мәліме­тіне қарағанда, облыс аумағында осы жылдың тоғыз айы ішінде 8,5 мың тонна газ тұты­­нылған. Бас­­­­қарманың соң­ғы дерек­тері бойынша, өңірдегі сұйыл­тылған мұ­най газы бар-жоғы 816 тонна қалған. Оның 370 тон­насы Көкшетау қа­ласында. Мұ­нымен қоса, өңірге 31 цистер­налы вагонмен 1 116 тонна газ келе жатыр. Ол об­лысқа тек 6 күнге жетпек. 

Автогаз бағасына келсек, өңірдегі ав­то­газ бағасы бүгінде 69 теңгеден 81 теңге аралығында болып тұр. Яғни, балон газы келісіне 81-220 теңге болса, өнеркәсіп кә­сіп­орындарына келісіне 85-160 теңгеден сау­даланады. Ал газ тарату қондырғы­ларын­да текше метріне 460 тең­геден бас­тал­ған. 

– Қазір облыста сұйылтылған газ тап­шы болып отыр. Жыл сайын күзгі уақытта эле­ваторлар мен астық қабылдау бекет­терінде бидай қабылдайтын кезде осын­дай жағдай болады. Ауыл шаруашы­лығы тауар өндірушілері халыққа ар­налған сұйылтылған газды көп көлемде сатып ала­ды. Осыған байланысты көптеген ав­тогаз құю бекеттерінде газ сату тоқтап қа­лады. 2 қарашадағы мә­лімет бойынша, об­лыстың 36 автогаз құю бекеттері газдың бол­мауынан уақыт­ша жұмысын тоқ­тат­қан. Басқарма өн­діруші зауыттардан сұйыл­тылған мұнай газын облыстың газ тол­тыру стансал­а­рына жеткізуге тұрақты түр­де мони­торинг жүргізеді. Қазір «Қа­зақ­стан темір жолы» ұлттық компаниясы ак­ционерлік қоғамымен теміржол арқы­лы автогаз құйылған вагон-цистерналар­дың тезірек жеткізу мақсатында тиісті жұ­мыстар жүріп жатыр, – дейді Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық басқармасы басшы­сының орынбасары Ермек Ту­ша­нов. 

 

Түйінді мәселе жылда қайталанады. Бірақ құзырлы органдардың мәселені ушықтырмай уақытында қор жинамай, яки бағаның өзгеруіне себепкер болуы түсініксіз. Бұл орайда түйіннің тар­қатылуы үшін Үкіметпен қоса, тиісті министрліктер, сондай-ақ облыстық әкімдіктер бірлесе шара қабылдаса екен дейсің... 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Ақмола облысы