Боранбаев екі жыл төрт айдан астам түрмеде отырды.
"Біліп отырдым": Бостандыққа шыққан Қайрат Боранбаев мәлімдеме жасады
1,394
оқылды

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Менің әріптестерім, достарым және серіктестерім. Кеше үйіме оралдым, отбасым мен достарымды көргеніме қуаныштымын. Осы айларда мені қолдаған әрқайсысыңызға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мен мені қолдау үшін жасалған әрбір бастаманы, маған айтылған әрбір жылы лебізді біліп отырдым. Менің айналамда адал, мейірімді және шынайы адамдар бар екеніне тағы да көз жеткіздім", – делінген жазбада.

Кәсіпкер өзінің "Алмалы" холдингінің қызметкерлеріне қиын сәтте қолдағаны үшін бөлек алғыс білдіріп, холдингтің жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Еске салсақ, Қайрат Боранбаев мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, алты жылға сотталған болатын. Қазан айында сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Боранбаев екі жыл төрт айдан астам түрмеде отырды.

Фото:vk.com/fckairat