Алматы мен қала маңында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.
Алматы маңында бір сағатта 3 рет жер сілкінісі болды
1,630
оқылды

ТЖМ қарасты сейсмикалық стансалар желісі 8 қарашада араға бірнеше минут салып бірден үш рет жер сілкінгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

8 қараша күні сағат 00:09 шамасында Алматы мен қала маңында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.

Апат ошағы Қытайда болса да, оның күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді. 

Артынша Алматы уақытымен сағат 00:15 және 00:52 кезінде тағы екі мәрте жер сілкінісі болды. 

Алғашқысының ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 313 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11.6. MPV магнитудасы – 5.2. Тереңдігі – 15 шақырым. 

Ең соңғы сілкіністің ошағы да Алматыдан оңтүстікке қарай 311 шақырым жерде Қытайда орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11.6. MPV магнитудасы – 5.3. Тереңдігі – 15 шақырым.

Соңғы екі зілзала Қазақстан аумағында сезілген жоқ.