Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аракідік қатты жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында да қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар).
9 қараша күні еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
2,607
оқылды

9 қарашада еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан оңтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. 

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, облыстың таулы аймақтарында аракідік қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Облыстың таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Таңертең және түстен кейін облыстың орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аракідік қатты жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында да қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Облыстың таулы аймақтарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Алматыда күндіз нөсер жаңбыр жауады. Қонаевта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, сондай-ақ басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың  батысына, оңтүстігіне солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің  екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтіледі. 

Түнде Түркістан облысының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, найзағай болады деп болжанады.  Өңірдің оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың таулы аудандарында 25 м/с дейін жетеді. Шымкентте, Түркістанда батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.