Теріден тон киіп, елтіріден ішік жамылған бабаларымыз заманында мал терісінің құ­нын шынымен-ақ білген екен. Тулақты да итке таста­майтын қазақ бүгінде төрт түліктің терісі мен жүнін жи­нап, шетінен от қойып өр­тейтін болды. Сөйтпегенде қайтсін, асыл бұйымның аз да болсын, құны қалмаған.
Тері тулаққа айналмасын
1,078
оқылды

Қазір тері мен жүн еліміздің ішкі нарығында мүлде жарамсыз болып қалды. Бұрынырақта тері жинап, жүн тиеп, ауыл-ауылды кезіп жүретін жүк көліктерінің қарасы көрінбегелі қашан. Тіпті, тәуелсіздік алған 90-шы жыл­дар­дың қиын-қыстау заманының өзінде осы кәсіппен шұғылданып, тәп-тәуір қаражат тауып жүр­гендер де бар-тұғын. Олар қайда кетті? Қазір еліміздегі тері мен жүн өңдейтін фабрикалардың халі неге мүшкіл күйге түсті? Ши­кізатты шекарадан шығаруға бірде шектеу қойылса, енді бірде баж салығы күшейтілді. Әйтеуір, басынан «бұлт» кетпеген бұл сала тұралап қалды. 

Теріден теріс айналма

Ауыл-аймаққа бара қал­саңыз, әр жерде шашылған жүн­мен бірге иленіп терінің де жа­татынын жиі көріп жүрміз. Ал көктемде малшы қауымы қойдан қырқылған жүнді маялап қойып, өртеп жатқанын да естіп біліп отырмыз. Неге бұлай деп, себебін де сұрап жат­қан жан жоқ. Осы мәселенің мә­­ніне үңіліп, Мә­жіліс депутаты Қарақат Әбден арнайы депу­таттық сауал жол­даған еді. Қа­зақстан Респуб­ликасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлы өзіне бағытталған сауалға мар­дымды жауап берген жоқ. Де­путат өз мәлімдемесінде: «Елі­міздегі теріні өңдеу жұмысын жолға қоймағандықтан кәсіпкер­леріміз жылына 30 млрд теңгеден астам қаражаттан қағылып отыр. Біз өзге елден үлгі ала жүріп, жүн­­­ді өңдеп, жоқ дегенде жы­лыту материялдарын жасай ал­май отырмыз. Қазір жүннің әр келісін сырт елге 500 теңгеге сатып, дайын өнім­ді 100 есе қымбат ба­ғаға қай­та алып отырмыз. Мы­салы 1 сиыр­дың терісін біз шет елге 1000 теңгеге ғана өт­кізеді екен­біз де сол теріден жа­салған бұйымды 500 мың теңгеге сатып ала­мыз. Осы артта қалып бара жат­қан сала қа­шан оң ба­ғытқа қарай жыл­жиды?» – деген бо­латын.

Саланың оң қадамға бет алуы – тек мем­лекеттік қолдаудың арқасында ғана жү­­зеге асатыны шындық. Себебі «тері мен жүн өнеркәсібін дөңгелетем» деген­­­дерге мемле­­­­кет­­­тен субсидия да беріл­­мей­ді. Банк­­­­­­тен қа­­­­рыз алып, ол қарызда қайтара еселеп жауып жүрген кәсіпкердің жұмысы­ның өрге жыл­­­жы­­­­­­масы да анық. Еліміздегі Тері өңдеушілер қауымдас­­тығы Үкіметке бірне­­ше ұсынысын да жолдаған. 

Ең алдымен, «Атамекен» ҰКП және «Бәй­­терек ҰБК» АҚ қолдауымен былғары мен жүн-тері өңдеуге қажет қондырғы­­ларды жеңілдетілген лизинг арқылы са­тып алуға мүмкін­дік беретін ­ іске асыру қа­жет. Екін­шіден, Алматы және Астана қалала­­рын­да тері өңдеуге қажет химия­­лық реа­гент­­терді сақтайтын қойма­­ның жұмы­сын жол­ға қойып, оның комму­налдық және технологиялық шығын­­­­дарын бюд­жет есебінен субсидияланса, үшіншіден, экс­­­портқа шығарылған былғары және өң­­­­делген жүн-тері өнім­­­­де­­­­­­рінің әр түріне же­ке-жеке субсидия таға­­­йындалған дұрыс.

Төртіншіден, тері өңдеуші кәсіп­орын­дардың мал терісін жеке тұлғалардан қол­ма-қол ақшаға сатып алуына рұқсат беріл­­се, бесіншіден, тері сатудан алынатын 10 пайыз­дық жеке табыс салығының күшін жою қажет. 

Бүгінде қауымдастықтың осы ұсыныс­тары бірнеше министрлік пен құзырлы орын­дар арасында түрлі жағдайдағы тал­қы­ға түсіп жатқан сыңайлы. 

Шынын айту керек, мемлекет тері өң­деушілер мен өзге мал өнімдерінен да­йын зат шығарушы шағын өнеркәсіп түріне молынан қолдау жасағаны дұрыс деп ой­лаймын. Жалпы, елдегі жүн мен тері өң­деу­­ші­лердің барлығы дерлік айтар бір ғана уәжі бар. Ол – мемлекеттік қолдау. 

Тері өңдеушілер қауымдастығының тө­ра­ғасы Нұрман Нүптекеевтің ай­туын­ша, мем­лекет тарапынан салаға қол­дау керек. Сонда ғана айналасы 4-5 жыл­дың ішінде тері өңдеу саласы аяққа тұрып, ел эко­но­ми­­­касына орасан-зор пайда әке­леді. 

Айта кету керек, қауымдастық құра­­мын­­­­дағы барлық зауыттар мен фабрикалар бәрі бірдей толық қуатымен жұмыс іс­­­тейтін болса, жылына 3 млн теріні еркін өңдей алады екен. Демек, нақты алгоритім болып жатса, мүмкіндік бар деген сөз. 

Кәсіптің нәсібі

«Ешқандай көмек алып көрген емес­пін. Алсам ба деп, әрекет жасап жатқан жайым бар. Алайда түрлі есікті қағып, табалды­­рығын тоздырған кезім де болды. Тыңдағы­сы келмеді, тыңдамады. Тыңдаса да, тың­да­­маған кейіп танытты. Бірақ табысым бас­қа қырынан да жүріп жатыр. Жұрттың разылығы үшін өз шаруамызды өзі­міз қол­дан келгенше атқарып келе­­міз», – дейді Та­раз қаласын­дағы тері бұ­йым­­дарын өңдеуші KEMELDEN жеке кәсіп­керлігінің басшысы Кемелбек Әбі­лекұлы. 

Шынын айту керек, елімізде теріден аяқкиім мен өзге де дайын өнім шығаратын кәсіпорын жоқтың қасы. Бұл кәсіппен ай­налысуға ешкімнің батылы бара бермей­ді. Сайып келгенде, жоғарыда депутат айтқан тері өңдеушілер мемлекеттің қолдауына зәру. Онсыз бұл саланы икемдеп кету екі­талай болып тұр. 

Астанада өнімдер сапасы мен сәні жа­ғынан ерекше көзге түсіп, көпшіліктің ықы­­ласына бөленіп үлгерген Самғау Нә­сіп­­хан деген азамат бар. Қаладан бір­неше сауда нүктесін ашып, аяқ киімнің сан түрін саудалап отыр. Бүгінде шеберхана­сында 11 адам жұмыс істейді. Таза былғары мен теріден аяқкиім тігіуді кәсіп етіп жүр­геніне бірнеше жылдың жүзі болған. Сам­ғау­­­­мен тілдескенімізде, шығыны көп жұ­­мысты ата кәсіптің жойылып кетпеуі үшін ғана нәсіп етіп отырғанын айтты. «Бұл шаруамен тек ата кәсібімізді сақтай оты­­рып, шынайы жақсы көргендіктен ғана ай­налысып келемін. Біз үшін машақаты өте көп шаруа. Оған қоса елімізде тері өнеркәсібі жолға қойылмай отыр. Деген­мен ел аумағында бар өңдеуші мекеме­­­лер өзіміздің елдегі шеберханаларды толы­ғы­мен тері өнімімен қамтамасыз етуге қау­қар­лы. Бірақ ел үшін, мемлекет үшін бұл жеткіліксіз. Бұл біздің мемлекеттегі жеңіл өнер­кәсіптің тұралап тұрғанын байқатады. Теріні өңдеу бір бөлек, оны бизнес көзіне айналдыру бір басқа. Қытайда кез келген ірі кәсіптің ар­­тында мемлекет тұр. Кәсі­­бінен пайда көре бастаған кәсіпкерге мем­­­­лекет өзі гарант орнына кепілгер бола отырып оны әлемдік аренаға шыға­­рады. Осылайша бір ғана менеджердің ар­­қасында ел қазына­­­­сына қыруар қаражат құйылады. Мұндай тәсіл бізде жоқ. Шы­нын айту керек, еліміз тері өңдеу өнеркә­­сібін дамытып, оны өзге елге сатып мемле­­­кетке түсер пайданы мо­­­лай­­­­та алмай отыр. Менің ойымша, мұндай кәсіппен айна­­лысқысы келетіндер де аз. Әр бастама өзін кем дегенде 5 жылда ғана ақтап шығады. Осыдан кейін ғана белгілі деңгейде табыс әкеледі. Көбі уақыт кедергі­сін жеңе алмай бастаған істі аяқсыз қалды­­­­­рып жатады», – дейді кәсіпкер Самғау Нәсіпхан.

Дегенмен өңделетін теріге ең алдымен сапасы жағынан талап қойылады. Өңдеуге барлық тері бірдей жарай бермейтінін ескеру керек. Тері талапқа сай болмаса оның пайдасы да болмайды. Бұл туралы Алма­тыдағы қой терісін өңдейтін зауыты­­ның бас директоры Михаил Сотниковтен сұрадық. «Біздің елде тері өңдеу жұмысы жолға қойылмай отыруының негізгі себебі бар. Көбі оған мән бермейді. Әсіресе, би­ліктегілер деп айтар едім. Олар негізінен сан жағына көп назар аударып кетеді. Мысалы, малды сойған кезде иненің кө­зіндей тесік қалмауы керек. Тіпті, кейбір же­рі жұқарып кетсе де өңдеген сәтте ол жыр­­­тылып қалады да жарамсыз болып шы­­ғады. Сондықтан мал сойған кезде өте абай болған абзал. Мұны тек қой терісіне қатысты айтып тұрғаным жоқ. Барлық тү­лікке солай. Ал жұмсақ, жібек тон жасау үшін тек меринос қойлардың терісі ғана жарайды. Біздің елде мұндай қой шаруашы­­лықтары өте аз. Және ауылдан келген тері­лердің дені жарамсыз болып шығады. Біз­дің елде тері мен жүн шаруасын гүл­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­д­­ен­­­­­­­­­дір­­гісі келетін адамдар көп. Бірақ түрлі әкімшілік кедергілер бар. Сонымен қоса салықты да орынсыз көтеріп, қимыл жасауға мүмкіндік қалмады. Осыған дейін қой терісін өңдеп тон шығарып отырған едік. Бір жылға таяды, ол жұмысымызды да тоқтаттық, себебі қолдау жоқ. Біз қатарлы талай фабрикалардың да жұмысы тоқтап тұр. Сондықтан Үкімет бір шешім қабыл­дауы керек», – дейді директор Михаил Сотников.

Кәсіпкерлердің сөзінен ұққанымыз – дәл қазір тері мен жүн өндірісін жойып, тек шетелден дайын өнім тасып, пайдаға кене­ліп отырған жүйе қалыптасқанға ұқсайды. Президент пәрмен беріп, Үкімет үңіліп, бұл шаруаның бетін бері бұрмаса, қой ба­ғып отырып, терісін шірітіп итке тастаймыз да өзгенің бит қабық бірдемесін киіп жүр­геніміз жүрген. Мұндайда жеңіл өнер­кә­сіпті жолға қою деген құр сөз болып қала бермек. 

Қорыта айтсақ, бізге те­рі және жүн өндірісін да­­­мы­тудың кешенді жоспары қа­жет. Мол шикізатты ұтымды пайда­­лансақ, ұтарымыз да мол бол­­мақ. Тіптен «Ауыл – ел бе­сігі» мемлекеттік бағдарла­ма­­сының бір бағытын төрт түлік­­тен алынған өнімге бұрса, бір­­­­­­­­шама іс бітері анық. 

Бердібек ҚАБАЙ