Былтыр қазақстандық теннисшінің иелігінде 3,57 млн доллар қаржы болған.
Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілердің қатарына енді
2,172
оқылды

Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілердің тізіміне енді. Ол 2022 жылға қарағанда, биыл 2 млн долларға көбірек табыс тапқан, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Metaratings дерегіне сүйенсек, ең табысты теннисші – Ига Швентек. Ол 9,86 млн доллар табысқа кенелген.

Қорытынды турнирге дейін табыс рейтингінде белорус Арина Соболенко көш бастап тұрған. Бірақ Канкундегі жеңіс Игаға 3 млн доллардан астам пайда әкелді. Осылайша, белорус спортшысы 8,2 млн доллармен екінші орынға жайғасты. Соған қарамастан ол былтырмен салыстырғанда шамамен 6 млн доллар артық табыс тапқан.

ТОР-5 қатарында Коко Гауфф (6,67 млн), Джессика Пегула (5,97 млн) және Елена Рыбакина (5,49 млн) бар.

Еске сала кетейік, былтыр қазақстандық теннисшінің иелігінде 3,57 млн доллар қаржы болған.