Автомобиль өндірушілер тұтынушыны өзіне қарату үшін әртүрлі PR тәсілдерді қолданады.
Бұл жолы италиялық Maserati бренді жаңа модель шығаратынын жариялады. Атауы да ерекше, жарнамасы да керемет.
«Түнгі» Maserati көлігі бар-жоғы 50 данамен шығады
Фото Maserati сайтынан алынды
2,397
оқылды

Maserati компаниясы MC20 моделін арнайы шектеулі сериямен шығармақшы. Slashgear.com сайтында жарияланған мақалада жаңа көліктің техникалық сипаттарына емес, оның интерьеріне көп көңіл бөлінген. Мұның себебін Aikyn.kz түсіндіреді.

Фото Maserati сайтынан алынды

Технологиялық дәуірде көлік үшін де, смартфон үшін де дизайн ойлап табу қиынға түспейді. Инженерлер мен конструкторлардың қолдарында жасанды интеллект жүйесі мен компьютерлік дизайн құралдары жетерлік. Ендігі жерде олар идея тапшылығымен бетпе-бет келгендерін түсіне бастаған. 

Италиялық Maserati компаниясы да талғампаз тұтынушының назарын аудару үшін атақты жұлдыздарды жаңа көліктерінің жарнамасына қосуды дәстүрге айналдыра бастады. Бұл жолғы суперкар Notte деп аталады, яғни италиян тілінен аударғанда «түн» деген мағына береді.

Ағылшын Премьер лигасының 2000  жылдардағы жұлдызды футболшысы Дэвид Бекхэм шектеулі шығарылыммен ұсынылатын модельдің жарнамасына шақырылған. Бұл модель бүкіл әлем бойынша небәрі 50 данамен таралады және бағасының өте жоғары болатынын көрсетеді.

Бэкхеммен бірге италиялық автошабандоз Андреа Бертолини да Maserati-дің жаңа көлігін жарнамалауға қатысады. 

Фото Maserati сайтынан алынды

Жаңа Maserati-дің шектеулі сериямен шығарылғанын мақтанышпен көрсету үшін әрбір көліктің бас тіреуішінде оның реттік нөмірі 1-ден 50-ге дейін жазылған «ерекше металл пластина» жапсырылады. Бұл оның Notte суперкары екенін білдіреді. 50 көліктің біреуінің иесі болу бақыты бұйырған Notte иесі суперкардың ішкі және сыртқы дизайнынан ерекше шабыт алады деп күтілуде.

Maserati-дің бас дизайнері Клаус Буссе: «MC20 Notte түнгі әлемнің тылсым сырымен жоғары өнімділік пен италиялық талғампаздықты үйлестіре отырып, жарыстың қызығы мен түнгі әлемнің тартымдылығын ашады», – деп мәлімдеген.

Ал бұрынғы танымал кәсіби футболшы Бэкхем қазіргі уақытта Maserati брендінің елшісі болып таңдалған. Футбол мен кәсіби автомобиль жарыстарының екі жұлдызы бренд туралы мына роликтің де басты кейіпкерлері аталған: