Жауын-шашын, екпінді жел: 10 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қазгидромет" синоптиктері 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жел күшейеді. Кейбір аймақтарда көктайғақ болып, тұман түседі", – делінген синоптиктердің мәліметінде.