Ал қазақстандықтарға саусақ ізін тапсыру ерікті түрде жүзеге асады.
Шетелдіктер саусақ ізін тапсыруға міндетті
746
оқылды

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның дерегіне қарағанда, саусақ ізін тапсыру шекарадан өткен шетелдіктерге міндетті болмақ.

«Иә, сондай шешім қабылданды. Заң жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр. 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап азаматтардың саусақ ізін ерікті негізде тапсыру мәселесі қаралып жатыр. Шетелдіктерге бұл міндетті. Ал ішкі құжаттандыру кезінде бұл шара ерікті негізде болады», – деді Сәкен Сәрсенов.