Ең алдымен, жолаушының ұялы телефонына және электрондық поштасына рейстегі кез келген өзгерістер туралы хабарламалар жіберіледі. Сондықтан билетті сатып алу кезінде дұрыс байланыс мәліметтерді қалдыру маңызды.
Рейсіңіз кешіккен немесе орындалмаған жағдайда не істеу керек?
822
оқылды

Ұшақпен саяхаттаудың бірнеше артықшылығы бар – бұл әлемнің кез келген нүктесіне жылдам жету, борттағы жайлылық пен сервис және әрине, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі. Сондықтан миллиондаған адам күн сайын осы көлік түріне басымдық береді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кaz.zakon.kz сайтының жазуынша, бірақ оның кемшілігі де бар: рейстің күтпеген жерде кешігуі және тоқтатылуы. Мұндай кезде нені біліп, не істеу керек?

Себептері

Әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру – техникалық жағынан күрделі процесс. Тіпті беделді компанияларда да ұшу кестесі бұзылуы мүмкін. Кідірістердің себебі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәріне авиакомпания кінәлі бола бермейді. Мәселен:

  • ауа райының қолайсыздығы – әуежайлар жабылуы мүмкін және рейсті орындау қауіпті болуы мүмкін;
  • әуе кеңістігіндегі шектеулер;
  • қауіпсіздікті қосымша тексеру қажеттігі – мысалы, егер жолаушылар рейске келмесе, олардың жолжүгін ұшақтан түсіру қажет;
  • әуежайларда жөндеу жұмыстары немесе ұшу-қону жолағындағы ақаулар;
  • кейінгі рейстердің кестесіне әсер ететін алдыңғы рейстердің кешігуі;
  • ұшу қауіпсіздігі талабына сәйкес экипаждың ұшу уақытына шектеу.

Ақпараттандыру

Рейс кешіккенде немесе орындалмағанда жолаушыда заң бойынша қандай құқықтар бар екенін айтайық. Негізгі ереже – сабыр сақтаңыз! Ең алдымен, жолаушының ұялы телефонына және электрондық поштасына рейстегі кез келген өзгерістер туралы хабарламалар жіберіледі. Сондықтан билетті сатып алу кезінде дұрыс байланыс мәліметтерді қалдыру маңызды. Air Astana-да жолаушыларға хабарламалар рейс бір сағаттан астам кешіктірілген кезде жіберіледі.

Тамақтану және орналастыру

Кез келген тасымалдаушының басты міндеті – жолаушыны А нүктесінен В нүктесіне дейін қауіпсіз жеткізу. Әуе тасымалдаушысының кінәсінен рейс 2 сағаттан астам кешіктірілген жағдайда, сусындар, ал 4 сағат немесе одан да көп кідірсе, ыстық тамақ беріледі. Егер күндізгі уақытта рейс 8 сағаттан астам, ал түнгі уақытта 6 сағаттан астам кешіксе, жолаушы қонақүйге орналастырылады және әуежайдан қонақүйге дейін және кері бағытқа көлікпен жеткізіледі. Жеті жасқа дейінгі балалары бар жолаушыға ана мен бала бөлмесі беріледі (әуежайда бар болса). Бұл қызметтер тегін ұсынылады.

Өтемақы

Қазақстандық ережелер бойынша әуекомпанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда жолаушы жол сегментінің әр кешіктірілген сағаты үшін 3% мөлшерінде ақшалай өтемақы алуға құқылы. Әр жағдай жеке қарастырылады.

Қайда хабарласу керек?

Рейстің кешігуі үшін өтемақыны дәл есептеу үшін авиакомпанияға хабарласу керек немесе ресми сайтта өтінім қалдыруыңыз керек, мысалы, help.airastana.com. Рейсіңіздің мәртебесі жөнінде авиакомпанияның байланыс орталығынан немесе оның ресми сайтынан біле аласыз. Егер билет туристік агенттіктен сатып алынған болса және сіз билеттің құнын қайтарғыңыз келсе, онда сатып алу орнына хабарласуыңыз керек.

Рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда, барлық дерлік авиакомпанияда жедел желі болады, соған хабарласу қажет. Мысалы, Air Astana-да жедел желі нөмірі +7 7272 4444 78. Бұл нөмірді телефонға сақтап қойыңыз. Сондай-ақ, авиакомпаниямен WhatsApp арқылы немесе ресми сайттағы тәулік бойғы чат-бот арқылы байланысуға болады.

Рейстің кешігуі – кез келген сапарда пайда болуы мүмкін уақытша қолайсыздық, ол жағдай көбіне ұшу қауіпсіздігіне байланысты туындап жатады. Мұнда дүрбелеңге салыну көмектеспейді. Рейстің мәртебесі және жағдайды шешудің ықтимал қадамдары туралы жаңартылған деректерді алу үшін сабыр сақтау және ресми ақпарат көздеріне жүгіну маңызды. Авиакомпаниялар өз тарапынан жолаушыларға қолайсыздықты азайту үшін барлық қолдау көрсетеді.