Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады.
1 миллиард теңге ұрлаған «Қазарнаулыэкспорт» басшылары ұсталды
1,274
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазарнаулыэкспорт» басшысының ұсталғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген», – делінген агенттіктің баспасөз қызметі берген мәліметте.

Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

«Қазарнаулыэкспорт» РМК-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету болып табылады», – деп жазылған ресми ақпаратта.