Жетісудағы жалғыз моноқала – Текелінің басты байлығы болған қорғасын-мырыш кенішінің негізінде құрылған кен-байыту комбинатының жұмысы да кейінгі жылдары қарқынын баяулатып, бұрынғы ауқымын барынша азайтты.
Өндіріс өркен жая бастады
600
оқылды

Өйткені кен қоры азайып, барын алу тым күрделеніп кеткен еді. Осылайша, қала құраушы басты кәсіпорынның өндірісі ықшамдалғалы бері кеншілер шаһарында басқа баламалы кәсіптер көзін игеруге ден қойыла бастаған. Бір жақсысы, тау қойнауында қорғасын мен мырыштан басқа да пайдалы қазбалар баршылық. Тек ретін келтір де, кіріс көзіне айналдыр.  Сонымен бірге еліміздің басқа өңірлерімен байланыс орнатып, отандық шикізатты қажетке жаратып, сұранысқа ие өнімдер шығаруды да қолға алып, пайдасын көріп отырғандар бар.

Шағын қаладағы жергілікті немесе бас­қа аймақтардан жет­кізілген отандық шикізатты пайдаланып, өндірісін өр­кен­детіп, қалалықтарға жұмыс орындарын ашып отыр­ған кәсіпорындардың бірі – Ak Altyn Products ЖШС. Құрылысқа қажетті әк өндіретін зауытқа қазір жұ­мысшылар керек. Бүгінде кәсіпорынға электро­­­ме­­­ханик, электрослесарь мамандары жетіс­­пейді. 

Кәсіпорын директоры Данияр Ысқа­­­қовтың айтуынша, Ak Altyn Products ЖШС 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Алға­шында 1-сортты езілген және езіл­­­меген ұсақ әк шығару желісі іске қосылса, 2020 жылы құрылысқа арналған гипс сы­лағы, кафель желімі, блок желімі сияқты құрғақ қоспалар шығаратын желі орнаты­­­лып, қосымша жаңа өндіріс жолға қойыл­­ған. Ал 2021 жылы осы желіге қосымша құрыл­­­ғылар орнатылып, өндіріс көлемі бұрынғы­дан да арта түскен. Жалпы, за­уыт­­­тың то­­лық қуаты тәулігіне 60 тонна әк, 25 тонна құр­ғақ қоспа шығаруға қауқарлы. Биылғы 9 айда мұнда 4 500 тонна әк, 3 500 тон­­­на құрғақ қоспа өндіріл­­­ген. Ком­­па­­­­­­­­­­­­ния өнім­­­­дері құрылыста, металлургия мен хи­мия өнеркәсібінде, сәулет өнерінде жә­не ауыл шаруашы­лығында кеңінен қол­­да­ны­лады және осындай құрылыс материал­­дарына деген сұранысты қана­­ғат­­танды­­руға мүм­кін­­дігінше үлес қосып отыр. 

«Біздің кәсіпорын Павлодардағы алю­­миний, Бал­қаштағы кен байыту зауыт­­тарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Негізгі шикізатты қазір Жамбыл облы­­­сынан әкелеміз. Өнімдерімізге сұ­раныс өте көп. Алматы мен Тараз, Шым­­кент, Қап­­­­шағай қалаларынан, өзіміздің Тал­­­дықорғаннан тапсырыстар жиі болады және оларды уақытында орындап отыр­­мыз», – дейді зауыт басшысы. 

Қазір кәсіпорында 55 адам жұмыс іс­тейді. Түгелге жуығы – жергілікті тұр­­­ғын­дар. Олардың айлық жалақысы 150-160 мың теңге көлемінде. Серіктестік жұмыс­шылары арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етілген. Мүмкіндікке сай басқа да жағдайлар ойластырылған. Бола­шаққа бағытталған біршама жоспар да бар көрінеді. Қазір жұмысшыларға сұраныс­тың артып отыр­ғаны да өндірістің өркен жая бас­­­тағанының белгісі. Мекеме бас­шы­­­­сының айтуынша, әсіресе электро­ме­ханик, электрослесарь мамандарына қа­жеттілік тым өзекті болып тұр. Сонымен бірге кәсіпорын жақында Ескелді ауданы аумағ­ынан кен орнын анықтап, қазір оны пай­далануға рұқсат алудың тиісті құжат­та­рын әзірлеуде. Осыған орай Қытайдан жаңа құрал-жабдықтар әкеліп, кәсіпорын­ды кеңейтіп, қосымша қойма салу жос­­пар­ланған. Сол кезде қосымша тағы 20 жұ­­­­­мыс орны ашылмақ. Бұған қоса, ке­ле­сі жылы зауытқа газ тарту жұмысы қолға алы­­нады. Мұнда да қосымша жұмыс орын­­­дары қажет болары сөзсіз. Зауыт газ­ға қосылған соң экологиялық мәс­е­ле­лер де келмеске кетіп, қосымша шығын да азаяды. 

Болат АБАҒАН,

Жетісу облысы