Салтанат Нүкенованың құрбылары болған оқиғаға әлі де сене алмайтындарын жеткізген.
Әлі де сене алар емеспін: Салтанат Нүкенованың құрбысы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
18,214
оқылды

Қоғамды дүр сілкіндірген Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін оның жақындары болған оқиғадан естерін жия алмай отырғандарын айтуда, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Марқұмның жан құрбысы Патриот Telegram арнасына берген сұхбатында ойын жария еткен. 

"Сөйлей алмай тұрмын, Салтанаттың қайтыс болғанына әлі де сене алар емеспін. Ол білікті астролог болған, жалпы астрологияны  ұнататын, сөйтіп адамдарға кеңес беретін", - деп қысқа қайырған жан құрбысы. 

Еске сала кетейік, күні кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі Салтанат Нүкенованың ауыр соққыдан жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза болғаны жайлы ақпарат тараған еді. Кейіннен құзырлы органдар болған оқиғаны растады.