Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді.
Астана соты: Бишімбаев екі айға қамауға алынды
620
оқылды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады",  делінген тараған ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.