Орал қаласының 1981 жылғы тұрғыны қамауға алынды.
Оралда кәсіпкер кісі қолынан қаза тапты
1,805
оқылды

Әлеуметтік желіде Оралда кәсіпкер аяусыз соққыға жығылып, қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:05-те Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға 1969 жылы туған азамат жеткізілген. Алайда жәбірленуші алған түрлі жарақаттары салдарынан ауруханада жан тапсырған. Мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жолданды.

"Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының және Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, қолға түсірді", – делінген хабарламада.

Ол бұрын сотталмаған, Орал қаласының 1981 туған тұрғыны екені анықталды. Күдікті Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Фото: әлеуметтік желіден