Бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Алматы облысының оқушылары мектепте порнофильмдер көріп келген
907
оқылды

Алматы облысының прокурорлары жүргізген талдауда оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (425 мектепте,  информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға баруы белгілі болды. 

"Бүгінгі күні облыстың барлық білім беру мекемелерінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға интернетке қол жеткізуді шектегіштер орнатылды. Сонымен қатар прокурорлардың талап-арызы бойынша көрсетілген интернет-ресурстарды (саны-8) соттар заңсыз деп таныды, олардың таралуы бүкіл ел бойынша шектелген", - деп жазды бақылаушы мекемеден.

Осылайша, бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.