Мәжіліс депутаттары Мархаббат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев еліміздегі ірі шетелдік компаниялар жұмысшыларының жағдайын жақсартуы керегін айтып, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа қарапайым еңбек адамдардың мүддесі мен келісім тарифін қайта қарау бойынша сауал жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Депутаттар қарапайым жұмысшының еңсесін езбеуін сұрады
tengrinews.kz
764
оқылды

– Бүгінде, Сыр өңіріндегі мұнай-газ саласы бойынша мердігерлер мен жұмыскерлердің жағдайы көңіл көншітпейді. Өкілдермен кездесуде сұрақтар ас мәзірінен бастап, арнайы жұмыс киімі мен жалақыға және басты мұнай өндіруші компанияларға тікелей байланысты болды. Негізгі мәселенің тамыры – инвестор, яғни шетелдік компания мен қызмет көрсетуші мердігерлердің арасындағы келісім тарифі төмендігінен. Осы ретте, еліміздегі ірі шетелдік компанияларға қарапайым еңбек адамдарының мүддесі мен келісім тарифін қайта қарайтын уақыт келді. Бұл – бір.

Екінші, соңғы 10 жылда Сыр өңіріндегі мұнай өндіру көлемі 66 пайызға қысқарды. Мысалы, 2013 жылы 10,5 млн тонна болса, 2023 жылы болжамды деректер бойынша,  3,5 млн тоннаға жетті. Өңірдегі компаниялар өндірілген мұнай өнімінің 80%-ын ішкі нарыққа, қалған 20%-ын экспортқа өткізуде. Ішкі нарықтағы бағасы экспорт бағасымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Негізі 1 тонна мұнайдың экспорттық бағасы – барреліне 80-85 АҚШ доллары. Ал ішкі нарыққа бағасы кемі 2,5 есеге аз.

Барлық мұнай-газ өндіруші компаниялар бюджеттің шығыс бөлігін, оның ішінде мұнай-сервис жұмыстарының көлемін қысқартты. Яғни, жұмыс істейтін жұмыс күшін 2 еседен астамға қысқартуға әкелді. Компания басшылары мұнай өндіру көлемінің жыл сайын төмендеуімен және оның экспортына төмен квоталарына байланысты осы саланың шығынға ұшырауын негізге ала отырып, қазақстандық қызметкерлердің жағдайын көтере алмайтынын айтты. Бұған дейін, ҚР Энергетика министрлігі «Кеңқияқ – Атырау» реверс жобасы пайдалануға берілгеннен кейін экспортқа квотаны ұлғайту мүмкіндігі туралы пікірді ұстанған. Жоба 2021 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Алайда қазір квотаны ұлғайту мәселесі әлі де шешілген жоқ.

Үшінші, елімізде көптеген компания  тиісті рұқсат құжаттар негізінде жер қойнауындағы қазба байлықтарды өндірумен айналысады. Дегенмен кейбір компаниялардың тіркелген заңды мекенжайы мен жұмыс істейтін екі жақта орналасқандықтан, негізгі салығы миллиардтап басқа аймақтың қазынасына төлеуде. Сондай компанияның бірі – Сыр өңірі. Бұл өлкені мұнайдың сауынды сиырға айналдырғанына 20 жылдан асты.

Төртінші, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарында Шу-Сарысу, Арал, Сырдария бассейндерінде республикалық бюджет қаражаты есебінен зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Алғашқы екеуі шешілді. Ал Сырдария мұнай-газ бассейнін зерттеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі шешілген жоқ. Қажетті сома 3 жылға – 4,3 млрд теңге. Қаржысы шешілмегендіктен, аталған жоба «АMANAT» партиясының жоспарында қарастырылған, – дейді Мархаббат Жайымбетов.

Сонымен бірге  депутат жоғарыда айтылған дүниені ескере отырып, келесі шараларды іске асыруды сұрады.

–  Өңірдің компаниялары үшін мұнай экспортына квотаны өндірілген мұнайдың 50%-дан жоғары ұлғайту. Екіншіден, аталған салада қазақстандық мердігермен шетелдік компаниялар арасындағы келісім тарифін қайта қарастыру. Тарифтерді көтеру мәселесін шегелеу қажет. Мұнай компанияларында жұмысшылардың негізгі бөлігін жергілікті тұрғындармен қамту бойынша міндеттемені келісімшартта қарастыру. Оған қоса, Сырдария мұнай-газ бассейнін зерттеуге қажетті қаражат мәселесін шешу үшін тетіктерін қарастыру керек, – деді депутат.