Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды.
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі жас жігіт қаза тапты
954
оқылды

Алматы – Қорғас тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты,– деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды. Зардап шеккен тағы үш адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: Halyq Uni