Жетісу аймағында күші 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Жетісу өңірінде жер сілкінді
2,024
оқылды

Қазақстан ұлттық деректер орталығының мамандары Қытайда магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сейсмологтердің мәліметінше, жерасты дүмпулері 2023 жылдың 15 қарашасында Астана уақытымен сағат 20:17-де болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 44 градус, шығыс бойлық 80 градус. Магнитудасы: mb=5,2. Энергетикалық класс: K=11,9. Тереңдігі: h= 5 км.

Бұған дейін 15 қарашада қазақстандық сейсмологтер Ауғанстанда 6,1 балдық жер сілкінісін тіркеген болатын. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 844 шақырым жерде орналасқан.