Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
16 қарашаға арналған ауа райы болжамы
aikyn.kz
595
оқылды

16 қарашада aнтициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысы мен солтүстігінде ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Ал жалпы еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.