"ӨзенМұнайГаз" АҚ басшыларының қылмыстық ісі сотқа жіберілді
"ӨзенМұнайГаз" АҚ басшылары жауапқа тартыла ма?
egemen.kz
573
оқылды

 Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ басшылығына қатысты тергеуді аяқтап, қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Аikyn.kz.


Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Тергеудің нұсқасынша, ол іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алған таныстарын жалған жұмысқа тартқан.

Ал "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е.Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды. Келтірілген шығын көлемі – 623 млн теңге.

"Нәтижесінде, алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған "ӨзенМұнайГаз" АҚ Мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды", деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.


Барлық қылмыстық іс сотқа жолданды.