Елімізде 300 мыңға жуық балаға банктерден депозит ашылған. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Кaz.inform-ға сілтеме жасап.
Балаларына арнайы депозит ашатын ата-аналардың қатары көбеюде
1,443
оқылды

«Осы баспасөз мәслихатында дайындалған кезде 18 жасқа толмаған балаларға ашылған барлық депозитті қарап шығуды әдейі өтінген едім. Өте жақсы статистикалық деректер бар. Бізде мұндай 299 579 депозит бар. Қамқор ата-аналар тіпті 1 жасқа толмаған балаларына да 12 721 депозит ашқан. Ал 5 жасқа дейінгі балаларда 50 140 депозит бар. Қандай өңірлер үнемшіл екенін де қарадым. Шымкенттегі филиалымызда 1 жасқа толмаған балаларға – 679, Алматыда – 642, ал елордадағы орталық филиалымызда 531 депозит ашылған екен», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол үнемшіл ата-аналардың ең озық ойлы екенін айтады.

«Өйткені, бізде видеобанкинг секілді құрал бар. Үйден шықпай-ақ оның көмегімен депозит аша аласыз. Осындай жас салымшы ата-аналар Қазақстанның цифрландырудағы жетістіктерін қолданып, 7 232 депозит ашты. Қазіргі уақытта депозит ашуда видеобанкинг арқылы цифрлық форматқа ден қойып жатыр», – деді Ләззат Ибрагимова.