Барлық аймақта тұман түсіп, екпінді жел соғады.
Жауын-шашын, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: Qazaqstan TV
1,675
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

Республиканың барлық аумағында тұман, екпінді жел болжанады.