Халық санын көбейту Қазақстан үшін маңызды стратегия болуы тиіс. 20 миллионға енді жеткен мемлекеттің болашағы да адам саны мен оның сапасына тікелей тәуелді. Бала тууды көбейту, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80-ге жеткізу халық санының өсуіне тікелей әсер етеді.
Күлкі терапиясы денсаулықты сақтайды
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Wundervisuals
1,964
оқылды

Денсаулық сапасын қадағалайтын мамандар 40-50 жастан кейін пайда болатын аурулардың алдын алу үшін қимыл-қозғалыстың маңызын айтуда. Технологиялардың адам өміріне әсеріне арналған Ferra.expert сайтында жарияланған материалға сүйенген Aikyn.kz адамның өмір сүру жасын ұзартудың қиын емес екенін түсіндіреді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Vesnaandjic

Кеше Aikyn.kz жариялаған мақалада жұмыста шаршамаудың 10 тәсілі жазылған. Онда адамның жейтін тағамының құнарлығы мен дәрумендерге бай болуы ағзаның жұмысына ерекше қуат беретіні айтылған. Адам ағзасына тағамның сапалы болуынан басқа да таза ауадағы, спортзалдағы қозғалыстың маңызы көп айтылады.

Аптасына кем дегенде 2,5 сағат жаттығуға арнайтын адамдардың қан айналымы жақсарады, тірек-буын, бұлшық еттері оттегімен толық қанығады. Спорттық жаттығулар мен жаяу серуендер 50 жастан асқан адамдарға өте пайдалы екені дәлелденген.

Бұл жаттығуларға күш жаттығулары мен кардио жаттығуларын қосқан тіпті жақсы. Орта жасқа келген адамдардың қозғалысының үзілмеуі артриттің алдын алуға, жүректің бұлшық еттерін нығайтады. Ең бастысы, адам қолынан келгенше және өзіне ұнамды, ыңғайлы қимыл-әрекеттер жасауы тиіс.

Жақсы көңіл күй мен күлкі терапиясы да адам өмірін ұзартады. Мына видеода 5 минуттық күлкі бар:

40, 50 жастан кейін белсенді және саламатты өмір салтын жалғастыру адамның өзіне де, айналасындағы отбасына да жақсы үлгі, насихат. Сонымен қатар ағзаның қуатын, потенциалын сақтауда күнделікті жейтін тағамдар маңызды рөл атқарады.

Мамандар барлық жастағы адамдарға жемістерді, көкөністерді және дәнді дақылдарды көп жеуге кеңес берді.

Ал 50 жастан асқан адамдар үшін ең жақсы диета – жемістер, көкөністер, тұқымдар, жаңғақтар, тұтас дәндер және пайдалы майлар.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Petri Oeschger

Ал артық салмағы бар адамдарға бананның да пайдасы мол. Ол күнделікті рационға керемет қосымша болуы мүмкін. Бананның құрамында талшық (клетчатка), В6, С дәрумендері, калий, магний, марганец бар. Диетологтер бұл жемістің салмақ жоғалтуға көмектесетінін де айтады.

Зерттеулер көрсеткендей, талшық ұзақ уақыт бойы тоқшылықты сезінуге, тұтынылатын калория санын азайтуға және артық салмақты түсіруге көмектеседі. 

Фото Silversurfers сайтынан алынды

Банандарды қанттың орнына табиғи тәттілендіргіш ретінде пайдалануға болады. Таза қант салмақты өсіреді, жүрек-қан тамырлары ауруы ықтималдығын арттырады. Банандарды смузилерді, сұлы жармасынан жасалған ботқаны немесе тоқаш, бәліштерді тәттілеуге қолдануға болады.

Банан – талшықтың (клетчатка) тамаша көзі. Бір бананда 3 грамнан астам талшық бар. Талшық ас қорытуды жақсартуға өте пайдалы. Банан іштің кебуін азайтады. Өйткені ол калийге бай және денедегі сұйықтықтың дұрыс балансын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Қорыта айтсақ, 40-50 жастан кейінгі денсаулықтың кілті – кардио мен күштік жаттығулар, дұрыс тамақтану мен көңілді жүру.