Екі бала шұғыл түрде Өскемендегі Ана мен бала орталығына жеткізілді.
ШҚО-да екі бала иіс тиіп уланып қалды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
1,065
оқылды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданында көміртегі тотығына уланған екі бала ауруханаға жеткізілді,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қараша күні Ұлан ауданы Восточное ауылында болған. Жер үйдегі пеш пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан екі бала уланып қалған.

«Нақты айтқанда, жер үйдегі пеш мұржасы уақытылы тазаланбаған. 2009 және 2012 жылы туған екі бала шұғыл түрде Өскемендегі Ана мен бала орталығына жеткізілді. Биыл құтқарушылар профилактикалық рейд аясында осы отбасының үйінде болып, пешті қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулықтар берген болатын. Алайда ата-анасы одан еш нәтиже шығармады», –  делінген ақпаратта.

Облыста жылыту маусымы басталғалы бері жеке тұрғын үйлерге 83 мыңнан астам тексеру жүргізілген.