Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына барды
1,783
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Бүгін футболдан Қазақстан командасы Сан-Мариноны қабылдайды. Бұл EURO-2024 чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы кездесулердің бірі. 

Ойын «Астана-Арена» стадионында кешкі сағат 21:00-де басталады. Кездесуді «Қазақстан» және «Қазспорт» арналарынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Фото: Ақорда