Қайғылы оқиға 16 қарашада болған.
Қостанай тұрғыны өз үйінен өлі күйінде табылды
904
оқылды

Қостанай қаласының 61 жастағы тұрғыны өз пәтерінен өлі табылды. Оның денесінде зорлық белгілері бары анықталды. Полиция күдіктіні тез арада қолға түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Костанайские новости" басылымының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, қаза тапқан адам 8-ықшамаудандағы үйлердің бірінде тұрған.

"Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеген Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі. 

Полиция болған оқиғаның мән-жайын тергеудің құпиялығына байланысты жария етуден бас тартты.