Тұтынушылық шығынның 52%-ы азық-түлікке кетеді екен.
Қазақстандықтар ақшаның көбін тамаққа жұмсайды
24.kz
1,952
оқылды

Ел-жұрт табысының басым бөлігін тамаққа жұмсайды екен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған Аikyn.kz хабарлады.

Осы жылдың екінші тоқсанында шығын 14 пайызға өскен. Аталмыш кезеңде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға ең көп жұмсаған – Түркістан облысының тұрғындары. Статистикаға сай, орта есеппен – 557 мың теңге. Ал жылдық есеп бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр. Онда азық-түлікке кететін шығын көлемі 30 пайызға өскен. Павлодар облысында, керісінше, қатты өсім байқалмайды. Халық негізінен ет, нан және сүт өнімдерін сатып алады.