Кәмелетке толмаған бұзақылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан, әкімшілік сот олардың ата-анаcын құқық бұзушылық үшін айыптады.
Ақтөбеде бейітті бүлдірген оқушылардың ата-анасын жауапқа тартты
936
оқылды

Аймақтағы Темір ауданындағы ауылда зират арқылы өтіп бара жатқан бірнеше мектеп оқушысы бейіттердегі ескерткіштерді бүлдірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төрт ересек адам бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін айыпталып, әрқайсысына 24 мың 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Кейін ата-анасын жергілікті тұрғын сотқа берді, себебі балалар оның әкесі мен анасының бейітіндегі ескерткіштерді бүлдірген. Нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келіп, оның негізінде сотталушылар биылғы жылдың соңына дейін 572 мың теңге материалдық шығынды өтеуге міндеттенді.