Бөрілерді ату шаралары бірінші қар жауғанда және ақпан айында басталады.
ШҚО-да қасқырлар малға да, адамға да шауып жатыр
1,271
оқылды

ШҚО-да жыртқыштардың санын азайту шарасы 2 жылдан бері жүргізілмеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы уақыт ішінде олардың саны айтарлықтай көбейіп кеткен. 

Жергілікті халық бұл мәселені Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен кездесуде көтерген.

"Қасқырлар малға шабуыл жасап, елді мекендер аумағына кіріп жүр. Олардың адамдарға шабуыл жасау жағдайлары да тіркелді. Қариялардың айтуынша, оларды ату жұмыстарын қазір, бірінші қар жауғанда және ақпан айында жүргізу керек", – деп жазылған ақпаратта.

Бұл мәселені шешу үшін заңнама аясында аңшыларға қасқыр атуға рұқсат етілген лицензия берілуге тиіс.