Полицейлер қараша айы басталғаннан бері 2 есірткі зертханасын жойды.
Қазақстанның әр түкпірінен 160 адам ұсталды
7,413
оқылды

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері өңірлерде есірткінің ірі партиясын тәркілеп, 160 адамда ұстады. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Синтетикалық есірткі өндіретін екі есірткі зертханасы жойылды. Жедел қызметкерлер Алматы қаласында Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады. Олардың көлігінен 152 кг гашиш табылып, тәркіленді. 

Алматы полицейлері 24 жастағы тұрғынның көлігінен 1,2 кг мефедрон тапты. Семейлік полицейлер интернет-дүкеннің есірткіні жасырын таратушы болып жұмыс істейтін Павлодар облысының екі тұрғынын құрықтады. Олардан 1 кг а-PVP психотроптық заты тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Тінту барысында оның жалдамалы пәтерінен есірткі жасау үшін пайдаланылатын жабдықтар, екі шыны колба, канистр және 1,5 кг мефедрон табылды. 

 

 

16 қарашада Алматы облысы Ұзынағаш кентінде полиция қызметкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады. Үйдің аумағында орналасқан контейнерді тінту барысында үш тоннадан астам прекурсор, электронды таразылар, реактор, шыны колбалар және 30 кг дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді. 

«Қараша айынан бастап заңсыз айналымнан 208 кг түрлі есірткі заттары тәркіленді», – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.